Қайрат Омаров БҰҰ басшылығымен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров БҰҰ басшылғымен кездеседі. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров (5-7 наурызда) Доха қаласында өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының нашар дамыған елдер бойынша бесінші конференциясына қатысып жатыр. Қазақстан делегациясы басшысының жалпы пікірталас кезінде сөз сөйлеуі, сондай-ақ БҰҰ басшылығымен және шетелдік делегациялар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесуі жоспарланып отыр», - деді А. Смадияров ведомствода өткен апталық брифингіде.

Бұдан бөлек, 2023 жылғы 10 наурызда елордадағы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығына орай брифингі және 2021-2025 жылдарға арналған БҰҰ-ның Орнықты даму мақсатындағы ынтымақтастық бойынша негізгі бағдарламасының атқарушы комитетінің отырысы өтеді.

«Іс-шараға Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ агенттіктерінің басшылары мен дипломатиялық корпус қатысады», - деді ресми өкіл.


Соңғы жаңалықтар