Қайрат Нұртас Республика сарайының кассасында жұмыс істеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қайрат Нұртас Алматыдағы Республика сарайының кассасында жұмыс істеді. Әнші үш сағат бойы билет сатып, келушілерге қолтаңба таратты, фотоға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әншінің продюсері Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, жағдайын айтып келгендерге Қайрат билеттерді тегін таратқан. Танымал жұлдызды көрген жанкүйерлердің қуаныштары шексіз болғаны соншалық, бірі билеттерін ұмытып кетсе, бірі әмиандарын да ұмыт қалдырған.

«Бүгін ерекше күн болды. Қайрат кассада өзі билет сатып, жанкүйерлерімен суретке түсіп, қолтаңба берді. 3 сағат қалай өткенін сезбей де қалдық. Жағдайын айтып келгендерге өз қалтасынан төлеп, тегін билеттер де беріп қуантты. Біраз қызықтардың куәсі болдық. Қайратты көріп, суретке түскеніне қуанып, билетін ұмытып кеткендер болды. Тіпті портмонесін ұмытып кеткен кісі де бар. Бірақ біздің көзіміз шалып қалып, иесі келер деп сақтап қойдық. Портмоненің иесі табылса, хабарласуына болады. 8 747 555 4080 нөміріне хабарлассын», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова Инстаграмдағы парақшасына.

Фото опубликовано Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova) Дек 2 2016 в 5:15 PST

Соңғы жаңалықтар