Қайрат Нұртас отбасын неге жасырып келгендігін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ эстрадасы жұлдыздарының бірі, танымал әнші Қайрат Нұртас Instagram-да осы уақытқа дейін өзінің әйелін, бала-шағасын неліктен жасырып келгендігін айтты.

Ол өзінің сырын бір шумақ өлеңмен жазыпты.

Он жыл бойы отбасымды жасырып қарағаным,
Сол отбасымның тыныштығын қалағаным.
Он жыл бойы әйелімді жасырып келгенім,
Өз-өзіме сенгенім...
Көпшілікке көрсетпей,
Өзім ғана көргенім ....
Он жыл бойы бала-шағамды жасырғаным,
Олар менің қымбат қазынам, асылдарым...
Ал қазағым, қара орман, жасыл бағым,
Бәрі сіздер үшін, барымды жасырмай көрсетіп, бүгін ашылғаным.... Бәрі Сіздер үшін!❤, - деп аяқтаған əнші.

Нұртастың осы өлеңінің соңына желі қолданушылары «Отбасыларыңызға бақыт тілейміз!, «Кішкентайларыңыз аман болсын!», деген сияқты мағынада көптеген жылы лебіздер қалдыруда.

Сонымен қатар әнші өзінің парақшасына отбасымен бірге түскен әдемі суретін де жариялаған.

Он жыл бойы отбасымды жасырып қарағаным, Сол отбасымның тыныштығын қалағаным. Он жыл бойы әйелімді жасырып келгенім, Өз-өзіме сенгенім... Көпшілікке көрсетпей, Өзім ғана көргенім .... Он жыл бойы бала-шағамды жасырғаным, Олар менің қымбат қазынам, асылдарым... Ал қазағым, қара орман, жасыл бағым, Бәрі сіздер үшін, барымды жасырмай көрсетіп, бүгін ашылғаным.... Бәрі Сіздер үшін!❤️

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n) 28 Мар 2018 в 8:06 PDT

Соңғы жаңалықтар