Қайрат Нұртас Қызылордада өнер мектебін ашты
2016 жылғы 22 қазан, 23:18

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайрат Нұртас Қызылорда қаласында өзінің өнер мектебін ашты.
Бұл туралы әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбек Инстаграмда жазуда.
Продюсер әлеуметтік желіде салтанатты ашылу рәсіміндегі фото және видеолармен бөлісуде.
Қайрат Нұртастың өнер мектебінде балаларға эстрадалық вокал, хореография, саз аспаптары, актерлік шеберлік бағыттары бойынша сабақтар беріледі. Білім ошағында танымал әншілер мен актерлар шеберлік сабақтар өткізіп тұрады деп күтілуде. Ал үлгілі оқушы жыл соңында Қайратпен әнші шырқайтын болады.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP