«Қайрат» Мажарстан шабуылшысын қатарына қосты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажарстан құрамасының шабуылшысы «Қайратта» медициналық бақылаудан өтіп, жақын арада алматылық футбол командасымен келісімшарт жасасады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. 

«Гонведтің» 26 жастағы форварды ұлттық құрамасында 5 матч өткізген. Эппель -  орталық шабуылшы, бойы ұзын - 190 сантиметр. Соңғы маусымда Мажарстанның жоғары дивизионында 14 доп кіргізген, ал ел кубогында 3 гол салып, көңіл көншітерлік нәтиже көрсеткен.

Мартон Эппель әзірге керемет мансабымен мақтана алмайды. «Гонведтен» бөлек, «Дунайварошты», «Пакша» және МТК-ны қорғаған. Футболшы көбіне «қызыл-қаралардың» құрамында бар қабілетін көрсете алған. Дәл осы футбол командасының үздік бомбардирі атанып, Еуропа Лигасына шықты. Танымал Transfermarkt.de неміс порталы оның трансферлік құнын 650 мың евроға бағалаған.

Еске салайық, мажарлық форвард - алматылық команданың соңғы айда өздеріне тартқан екінші футболшысы. Бұған дейін «Ақжайықтың» футболшысы Адеринсола Эсеоламен келісімшарт жасасқан. 

Соңғы жаңалықтар