Қайрат Мәми Сенат төрағасы болып қайта сайланды

None
None
АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынуы бойынша Қайрат Мәми ҚР Парламенті Сенатының төрағасы болып қайта сайланды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, өкілеттілік мерзімі аяқталған депутаттардың орнына Сенат депутаттары тағайындалған болатын. Соған сәйкес, бұған дейінгі Сенат депуттары М.Алтынбаев, Б.Мұхамеджанов, Қ.Мәми және Б.Имашев ҚР Сенатының депуттары болып қайта тағайындалған.

«Өкілеттік мерзімі аяқталған Н.Жолдасбаеваға, М.Көпейге және Қ.Сұлтановқа мемлекеттік қызметтегі жемісті жұмыстар үшін Елбасының атынан алғыс айтамын. Сонымен қатар, Конституциялық заңға сәйкес, ҚР Президенті - Елбасы Н.Назарбаев Сенат төрағасы қызметіне Қайрат Әбдіразақұлы Мәмидің кандидатурасын ұсынады», -деді ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин.

Осыған орай сенаторлар жасырын дауыс беру арқылы ҚР Президенті ұсынған кандидатураға дауыс беріп, оны бірауыздан қолдады.

Соңғы жаңалықтар