+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қайрат Мәми Азия конституциялық соттары қауымдастығын басқарды

2019 жылғы 4 қараша 13:59
Бөлісіңіз:
Қайрат Мәми Азия конституциялық соттары қауымдастығын басқарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Қ. Мәми 2019 жылғы 2-5 қараша аралығында Индонезияда өтіп жатқан Азия елдерінің конституциялық бақылау органдарының кездесуіне және басқа да іс-шараларға қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Конституциялық кеңестің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірінші күні Қ. Мәми Индонезия Республикасы Конституциялық сотының төрағасы Анвар Усман мырзамен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар конституциялық әділет органдарының функцияларын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциялық кеңесі мен Индонезия Конституциялық соты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ол Конституция үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы екі органның өзара іс-қимылын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған», делінген хабарламада.

3 қарашада Азия конституциялық соттары және балама институттар қауымдастығының (ААСС) мүшелері комитетінің отырысы өтті. Ұйымның құрамына жаңа мүшелер – Үндістанның және Мальдив Республикасының Жоғарғы соттары қабылданды.

ҚР Конституциялық кеңесі алдағы екі жылға Азия конституциялық соттары мен балама институттар қауымдастығының төрағасы болып бірауыздан сайланды. Отырыста келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында қауымдастықтың 4-ші конгресін өткізу мәселелері де талқыланды.


4 қарашада Қазақстан делегациясының басшысы Индонезия Конституциялық сотының «Конституциялық сот және әлеуметтік-экономикалық құқықтарды қорғау» тақырыбындағы 3-ші халықаралық симпозиумының ашылу рәсіміне қатысты. Форум қатысушыларына Индонезияның Вице-Президенті Мааруф Амин мырза құттықтау сөз сөйледі.

Панельдік сессияларда Қазақстан Конституциялық кеңесінің төрағасы баяндама жасап, халықаралық заң жұртшылығын кеңестің азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты шешімдерімен таныстырды.

Қ. Мәми өз сөзінде атап өткендей, Конституцияның бірінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Бұл норма Қазақстан өз азаматтарының лайықты өмір сүруі және жеке тұлғаның еркін дамуы үшін мемлекеттің мүмкіндіктеріне барабар жағдай жасау міндетін өзіне алатын мемлекет ретінде дамуға ниетті екенін білдіреді. Әлеуметтік және экономикалық құқықтарды қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуы және қоғамдық сенім үшін үлкен маңызға ие.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT