Қайрат Мәми 1995 жылғы Конституцияның тарихи рөлі туралы айтты
2022 жылғы 20 маусым 10:30

Қайрат Мәми 1995 жылғы Конституцияның тарихи рөлі туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Парламенттің бірлескен отырысында 1995 жылғы Конституцияның тарихи рөлі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, айдың басында өткен республикалық референдумның нәтижесінде мақұлданған конституциялық түзетулер қоғам мен мелекетті одан әрі жаңғыртудың құқықтық негіздерін қалады. Алдымызда тұрған басым міндет –жаңартылған Конституцияның мәнін терең ұғыну, бүкіл заңнаманы оған сәйкестендіру», - деді Конституциялық Кеңес төрағасы.

Сондай-ақ ол Ата заңның бұған дейін қолданыста болып келген нұсқасы да елдің іргесін бекітуде маңызды рөл атқарғанын еске салды.

«1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция мемлекет тәуелсіздігін ұстап тұру үшін үлкен рөл атқарды. Ата заңды мүлтіксіз орындау, оның принциптерін бұлжытпай сақтау – елдің үдемелі дамуының алғышарты. Конституция - азаматтығымыздың айшықтығының айғағы. Ал біздің қызметіміз – аталған киелі құжаттың мызғымастығын қатамасыз етуге бағытталған», - деді Қайрат Мәми.

Айта кетейік, Парламенттің бүгінгі бірлескен отырысына Бірлескен отырысқа ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, Үкімет мүшелері қатысып жатыр.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT