«Қайрат» «Мақтааралдан» жеңіліп қалды

None
fckairat.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде алматылық «Қайрат» қатарынан екінші мәрте жеңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел біріншілігінің 11-турында алматылық клуб сырт алаңда Түркістан облысының «Мақтаарал» комадасымен кездесті.

Түркістандық клуб турнио кестесінде соңғы орында тұр. Соған қарамастан олар қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Бұл - «Қайраттың» қатарынан екінші жеңілісі. Бұдан бұрын өз алаңында қызылордалық «Қайсарға» 0:3 есебімен жол берген еді.

Сондай-ақ, бүгін «Каспий» (Ақтау) мен «Шахтер» (Қарағанды) кездесуінде 1:1 есебі тіркелді.

Ал бұған дейін павлодарлық «Ақсу» өз алаңында талдықорғандық «Жетісу» командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді 28 мамырда «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Тобыл» (Қостанай), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Атырау» мен «Астана», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар