Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді»

- деп хабарлады ведомстводан.

Еске салсақ, ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады. Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған.

7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстады .

Кейін ҚР Бас прокуратурасы арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын айтты.


Соңғы жаңалықтар