Қайрат Қожамжаров Ұлттық ұланды қаржыландыруға қатысты ұсыныс жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Қайрат Қожамжаров Ұлттық ұланның материалдық-техникалық жабдықталуына назар аударып, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық ұлан әскери бөлімшелері еліміздегі қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың құқықтарын қорғауда ерекше орын алады. Әсіресе, төтенше жағдай кезінде олар өмірлері мен денсаулықтарына қауіп-қатерге қарамастан, өз әскери міндеттерін абыроймен орындауда. Ұлттық ұланның әскери дайындығы мен қызметтік қабілеттілігінің жоғары деңгейде болуы – ел тұрақтылығының кепілі. Сол себепті осы салада соңғы жылдары шешімін таппай жүрген жүйелі мәселелерді қарастыруларыңызды сұраймыз», - деді сенатор Премьер-Министрге жолдаған депутаттық сауалында.

Осы орайда Қ. Қожамжаров әскери бөлімшелерді заманауи қару-жарақпен, арнайы және жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтау мәселесіне тоқталды.

Сонымен қатар депутат Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамту және жалпы әскери тамақтандыру құнына қатысты мәселелерге де тоқталып, айтылған түйткілдерді шешу жолдарын ұсынды.


Соңғы жаңалықтар