«Қайрат» командасының бас бапкері қызметінен кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі футбол маманы Құрбан Бердыев «Қайрат» командасының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Бас бапкері Құрбан Бердыев келісім-шарт мерзімін уақытынан бұрын аяқтау туралы келісімге келген. Онымен бірге көмекшілері Иван Данильянц, Дмитрий Кириченко, Андрей Мацюра және Эдуард Кундухов клуб сапынан кетеді.

Құрбан Бердыев ойыншы ретінде де алматылық клубтың намысын қорғаған. Алматылық клубта ол жартылай қорғаушы ретінде 160 ойын өткізген. 1990-жылдардың бастапқы шенінде бас бапкер және көмекші ретінде «Қайратқа» жетекшілік жасап, команда 1992 жылы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанды.

2021 жылы Қ.Бердыев алматылық клубқа қайта оралып, алғашқыда бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметінде болды. Кейіннен негізгі команданың тізгінін ұстады. Оның жетекшілігімен команда алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңінде ойын көрсетті. Сондай-ақ, Қазақстан Кубогын жеңіп алды.

Еске салсақ, футболдан Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар