«Қайрат» командасы Санкт-Петербургке келіп жетті

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Пулково әуежайына келіп, бірден ресейліктердің назарын өздеріне аударды, деп хабарлайды  «SPORTINFORM». 

Дәлірек айтқанда, жергілікті тұрғындардың назары «Зениттің» бұрынғы ойыншысы, бірнеше жылдан бері Петербургке келмеген Андрей Аршавинге ауды.    

«Зениттің» бұрынғы танымал ойыншысымен суретке түсіуге құмартқандара қатары аз болмады. Шаршағанына қарамастан Аршавин барлығымен селфиге түсіп, көңілді жүрді. 

«Қайрат» Санкт-Петербургке мына құрамда келіп жетті:

Қақпашылар: Давид Лория, Стас Покатилов.

ҚорғаушыларЕлдос Ахметов, Станислав Лунин, Нұралы Әліп, Сергей Кейлер, Дарын Сүйінов, Иван Сизов.

Жартылай қорғаушыларАндрей Аршавин, Исаэль Барбоза, Хуан Фелипе, Максим Котов, Улугбек Хайтмұратов, Иво Иличевич, Магомед Парагульгов, Рашид Люхай.

ШабуылдаушыларАдеринсола Эсеола, Самат Сәрсенов.

«Зенит» пен «Қайрат» арасындағы жолдастық кездесу ертең, 9 қыркүйек күні Санкт-Петербургте, Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.  

Соңғы жаңалықтар