Қайрат Келімбетов БЖЗҚ директорлар кеңесінің құрамына енді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «БЖЗҚ» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Жаңа құрамға ҚР Ұлттық банкінің экс-басшысы, қазіргі «Астана» қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетов енді.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі нақтылағандай, одан басқа басты акционер ҚР қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев, сондай-ақ, екі тәуелсіз директор Бейсенғали Тәжияқов пен Қадырғали Дамитов енді.

«Кеңестің бұрынғы мүшелері, ҚР ҰБ төрағасының орынбасары Дина Ғалиева, ҚР Еңбек министрлігі әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Майраш Қозжанова, «Global Sovereign Advisors» басқарушы серіктесі Борис Борозан, «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева өз орындарында қалды», - деп нақтылады баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар