«Қайрат»-«Хапоэль»: Израильдық футболшылар алда келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір футболдан UEFA Еуропа лигасының екінші іріктеу сатысында сырт алаңда Алматының «Қайраты» мен Израильдің «Хапоэль» (Безр-Шева) командалары кездесіп жатыр. Матчтың алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, жарыстың алғашқы сатысында «Қайрат» Босния және Герцоговинаның «Широки Бриег» командасын орта жолда қалдырған болатын. Екі кездесуде де 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі сатысына жолдама алды.

Ал «Хапоэль» Албанияның «Лачи» клубын қос ойынның нәтижесімен жеңіп (1:0,1:1) кетті.

Бүгінгі кездесуде алғашқы минуттан «Қайрат» құрамында Стас Покатилов, Ғафуржан Сүйімбаев, Раде Дугалич, Елдос Ахметов, Дино Миканович, Исламбек Қуат, Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Конрад Вржещиньский, Бауыржан Исламхан, Адеринсола Эсеола жасыл алаңға шықты.

«Хапоэль» (Безр-Шева) бапкерлері бірінші кезеңде Эрнестас Шеткус, Шон Гольдберг, Мигел Витор, Лоай Таа, Бен Биттон, Эден Шамир, Давид Кельтенс, Маруан Кабха, Рамзи Сафури, Джимми Марин және Найджел Хасселбайнкке сенім білдірді.

Бірінші кезеңнің алғашқы минуттарында израильдік футболшылар бірден алға ұмтылды. Оған «Қайрат» қорғаушылары лайықты қарсылық көрсетті. Десе де, алаң иелері екі қанаттан тықсыра бастады. Осындай сәттердің бірінде біздің жігіттер өзіміздің айып алаңымызда тәртіп бұзды. Оны «Хапоэль» (Безр-Шева) сапынан Рамзи Сафури мүлтіксіз орындады. Бұдан кейін израильдік футболшылар екпінін басқандай. Осыдан соң «Қайрат» бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Алматылық шабуылшы Адерионсола Эсеола өз мүмкіндігін пайдалана алған жоқ.

Естеріңзге сала кетелік, осы уақытта Чехияда Шымкенттің «Ордабасы» командасы жергілікті «Млада-Болеслав» клубымен кездесуде. Жанкүйерлер матчтың екінші кезеңін тамашалауда. Есеп - 1:1. Екі гол да бірінші кезеңде соғылды.

Соңғы жаңалықтар