«Қайрат» футзал командасына бас бапкер тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футзал командасына бас бапкер қызметіне испаниялық маман Марлон Веласко тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марлон Веласко 1986 жылы 28 желтоқсанда Барселона қаласында дүниеге келген. Ол 2012 жылдан бері бапкерлік қызмет атқарып келеді.

2018-2023 жылдар аралығында Испания жоғары дивизионында ойнайтын «Ноя Портус Апостоли» клубына жетекшілік етті. Сондай-ақ, ол биыл Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанған «Пальма Футзал» клубында жемісті еңбек етті.

Жаңа бапкермен «2+1» жүйесі бойынша келісім-шартқа қол қойылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын бразилиялық маман Кака «Қайрат» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті.

Соңғы жаңалықтар