«Қайрат» футбол клубының қатары жаңа ойыншылармен толықты

None
None
АЛМАТЫ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының «Қайрат» футбол клубы жаңа маусымға дайындық кезінде құрамын 2 отандық ойыншымен толықтырды.

Олар жартылай қорғаушылар 21 жастағы Бауыржан Шерхан мен 24 жастағы Аслан Дарабаев. «Қайрат» пен «Тараз» клубтары арасындағы ойыншы алмасу туралы келісім бойынша Бауыржан енді 3 жыл бойы алматылықтардың намысын қорғайтын болады. Бұған дейін «Шахтер», «Ақтөбе», «Атырау» клубтарында өнер көрсеткен Б. Шерхан 2009 жылы қарағандылықтар сапында қола жүлдегер атанса, 2010 жылы ақтөбеліктер құрамында күміс, 2013 жылы «Шахтерге» қайта оралған ол Қазақстан кубогының иегері атанған болатын.

Аслан Дарабаев та 2008-2009 жылдары «Шахтер», 2010-2012 жылдары «Ақтөбе», 2013 жылы «Атырау» клубында өнер көрсеткен еді. Ол 2009, 2011, 2012 жылдары ел чемпионатының күміс, 2010 жылы қола жүлдегері болды. Сондай-ақ 2009 жылы Қазақстан кубогының финалисі атанып, ал 2013 жылы оның жеңімпазы атанды.

Қос футболшы да Қарағанды футбол мектебінің түлектері. Сонымен қатар жастар құрамасында өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі ойыншылар.

Соңғы жаңалықтар