«Қайрат» футбол клубына жаңа бас директор келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлішер Әпсәлямов «Қайрат» клубының жаңа бас директоры болды.

«Әпсәлямов спорттық және футболдық менеджментте үлкен тәжірибеге ие - танымал маман. Әлішер Ерболатұлы Suffolk University-де жоғары білім алғаннан кейін «Кардифф Сити» және «Сараево» футбол клубтарында әкімшілік қызметтерді атқарды», - делінген Алматылық клубтың ресми сайтында.

Бұған дейін бас директор қызметін атқарған Мәлік Күшәлиев клубтың Байқаушы кеңесі құрамына енетін болады.

«Қайрат» футбол клубы Мәлік Болатұлына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіреді», - делінген таратылған хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар