Қайрат Боранбаевқа қатысты сот процесінде аудио-видео жазба жасауға тыйым салынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысында аудио-видео жазба жасауға тыйым салынды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова мәлім етті.

«Кейбір БАҚ өкілдері өздерінің жеке аккаунтарында сот отырысының фрагменттеріне монтаж жасап, алдын-ала баға берілетін субтитрлар салған. Бұл әрекеттерге төрағалық етуші судья ескерту жасағаннан кейін, бейнелер жойылған. Сот отырысы ашық өтіп жатыр. Алайда, 23 қаңтардағы сот отырысы барысында судья дыбыс-бейне жазба жүргізуге, сондай-ақ куәлардың айғақтарын және олардың жеке басына қатысты дербес деректерді жариялауға тыйым салды. Судьяның бұл шешіміне шағым келтірілмейді», - деп мәлім етіт Астана қаласы сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Қоса кетсек, Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы өткен жылы 30 желтоқсанда басталған еді.

Айта кетейік, «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтады. Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылуда.


Соңғы жаңалықтар