Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 16 °С
Алматы: 12 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

«Қайрат» «Барселона» мен «Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысымен келісім жасады

2018 жылғы 13 ақпан 21:34 794
Бөлісіңіз:
«Қайрат» «Барселона» мен «Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысымен келісім жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниялық «Барселона» мен ағылшындық «Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншысы Гай Ассулин алматылық «Қайратпен» келісім жасады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық «Месси» ел құрамасына шақырылды «Тобыл» клубы алаңға шығып кеткен жанкүйерлер үшін миллион теңге төлейді

Гай Хайф қаласындағы израильдік «Хапоэлдің» тәрбиеленушісі. Ол жас ойыншы ретінде испандық «Барселонаға» қосылған. 2009 жылдың жазында негізгі команданың құрамында лондондық «Тоттенхэмға» қарсы ойнады. Кейін «Манчестер Сити», «Гранада» және «Мальорка» клубтарының ойыншысы болды.

Соңғы жылдары Тель-Авив қаласындағы израильдік «Хапоэлдің» құрамында ойын көрсеткен. Израиль жастар және ұлттық құрамасында да тәжірибе жинақтаған. Жартылай қорғаушы шабуылшымен екі жыл мерзімге келісім жасалды.


Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат