«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Алматының «Қайраты» алдағы маусымға дайындығын бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық клуб алғашқы оқу-жаттығу жиынын команда базасында өткізуді жоспарлап отыр. Бас бапкер Алексей Шпилевскийдің шәкірттері Алматыда 17 қаңтарға дейін дайындығын жүргізеді. Одан кейін Түркияға екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуге аттанады. Түркияда Польшаның «Легия», Украинаның «Динамо» (Киев) және Болгарияның «Лудогорец» командаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Қазіргі таңда «Қайрат» құрамынан жартылай қорғаушы Исламбек Қуат Ресейдің «Оренбург» командасына ауысты. Сондай-ақ, жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан да шетелдік клубтардың біріне ауысуы мүмкін.






Соңғы жаңалықтар