Қайрат Ахметов АҚШ-та «Найзаны» жеңді

Фото:
БРУМФИЛД. ҚазАқпарат – Аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов (26-2) белді промоушен One Fighting Championship Брумфилде (АҚШ, Коловадо штаты) өткізген турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қ.Ахметов «Найза» лақап аты бар австралиялық файтер Рис Макларенмен (16-8) кездесті.

Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа есептелді. Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық спортшыға берді.

Осылайша, Қайрат Ахметов кәсіби рингте 27-інші жеңісіне қол жеткізді. Ал Рис Макларен кәсіби ММА-да тоғызыншы рет жығылды.

Қазақстандық файтер One FC лигасында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол кезден бері 9 айқас өткізді (сегіз – жеңіс, бір – жеңіліс).

Айта кетейік, бұл Қайрат пен Ристің екінші кездесуі. Олар алғаш рет 2019 жылдың наурыз айында жұдырықтасып, төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткен еді.


Фото: Sports.kz
Соңғы жаңалықтар