Қайрат Әбдірахманов Жолдау бойынша дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру жайын айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауының негізгі бағыттары аясында Сыртқы істер министрлігінің институционалдық әлеуетін дамыту туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Келесі жылдан бастап, факторлық-балдық бағалау негізінде еңбекақы төлеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл жүйе бір қызметкердің жұмысының тиімділігі мен нәтижелігіне негізделген және оның қорытынды нәтижесі мен бағалауға бағдарланған. Бұл мәселеде қызметті жоспарлау бірінші кезекте тұратын болады, сондықтан дипломатттардың қызметіне объективті баға беру үшін міндеттерді СІМ-нің бағдарламалық құжаттарымен тығыз байланстырып белгілеу қажет», - деп атап өтті Қ.Әбдірахманов сыртқы саясат ведомствосы қызметкерлерімен өткен жиналыста.

Министрлік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қатысты «нөлдік төзімділік» саясатын ұстануды жалғастыратын болады. Осы саладағы жұмыс цифрландыру және автоматтандыру арқылы ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға  шоғырланатын болады.

«Біздің түпкі мақсатымыз - дипломатиялық қызметті цифрлық форматқа толығымен көшіру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, осылайша адам факторының мүмкін ықпалын жоятын боламыз», - деді Қайрат Әбдірахманов.

Оның айтуынша, басым міндет СІМ мен шет елдердегі мекемелердің арасында бірыңғай ақпараттық ортаны құру болып табылады, бұл өзара іс-қимылдың тиімділігін айтарлықтай арттырып, ішкі рәсімдерді жеңілдетеді.

Ведомство дипломатиялық қызмет органдарын жетілдіруді, кадрлық саясатты жүйелеуді және ретке келтіруді жалғастыратын болады.

Қазақстандықтардың БҰҰ мен ЕҚЫҰ сияқты халықаралық құрылымдарға қатысуын кеңейту маңызды міндет болып қала бермек, бұл халықаралық күн тәртібін қалыптастыратын беделді ғаламдық институттарда Қазақстанның мүдделерін ілгерілету мен қорғаудың ең тиімді әдісі болады.

Министр осы міндетті ұлттық деңгейге көтеру арқылы шешуге болатындығын атап өтті. Ал, кадрмен қамтамасыз ету мәселесін шешуде «Болашақ» бағдарламасын, Білім министрлігін, елшіліктерді және Қазақстанның халықаралық ұйымдардың жанындағы тұрақты өкілдіктерін тарта отырып шешуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар