Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайрат Құдайбергенұлы Талдықорған облысы Панфилов ауылында (қазір - Алматы облысы Жаркент ауылы) дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1987).
1987-91 - Қазақ политехникалық институтының тарих пәні бойынша мұғалімі.
1991-93 - ҚМУ аспиранты.
1993-97 - Қазақстан СІМ 3-ші, 2-ші хатшысы, бөлім бастығы, Азия елдері басқармасы бастығының орынбасары.
1997 - ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары.
1997-98 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы, 4-ші департамент директорының орынбасары.
1998-99 - ҚР СІМ 3-ші департаменті, екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры.
1999-2001 - ҚР Сыртқы істер вице-министрі.
2001-2003 - Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2003 - 2006 жылдары Израильдегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі.
2006 - 2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2007 - 2008 - Австриядағы ҚР Елшісі - ЕҚЫҰ-дағы ҚР тұрақты өкілі.
2008 - ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық комитетінің төрағасы, ЕҚЫҰ мен Венадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі.
2008 - 2011 жылдары ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі.
2011 жылдан Аустрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі.
2016 жылғы желтоқсан айынан 2018 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар