+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қайрат Әбдірахманов Мьянмадағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

2017 жылғы 4 қыркүйек 11:24
Бөлісіңіз:
Қайрат Әбдірахманов Мьянмадағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Мьянмада орын алған оқиғаға байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мьянмада мұсылман қауымының жағдайына байланысты алаңдаушылық білдіреміз. Бұл жердегі исламға кері тенденцияны байқап отырмыз. Осыған байланысты Ислам ынтымақтастығы ұйымы байланыс тобы секілді құрылымы Мьянмадағы ахуалды реттеуге белсенді тартылғаны өте маңызды. Сонымен қатар, ұйым өкілдері бұл елдің билік тарапымен диалогта болғаны өзекті», - деді министр тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та Мьянмадағы оқиғаға байланысты өз пікірін білдірді.

«БҰҰ тарапы Мьянмадағы оқиғаларға қатысты өзінің ұстанымын жариялауы тиіс. Себебі жазықсыз көптеген мұсылмандар қатыгездік репрессиясының құрбанына айналуда», - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі аккаунтында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT