Қайрат Әбдірахманов Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достығы туралы айтты

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен одақтастық туралы Декларацияның қабылданғанына тура 20 жыл толады. Бұл дата мүмкіндіктер мен басымдықтарға, стратегиялық ынтымақтастық рухында мемлекетаралық қарым-қатынастың кезең-кезеңмен дамуына ден қойған біздің мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың бекемдеуіне бір ой жүгіртуге таптырмас себеп болып отырғаны айқын. Бұл туралы «Российская газета» басылымында жарияланған мақаласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дәл осы Декларация қабылданған кезде ол құжаттың посткеңестік елдер ішінде баламасы жоқ болатын. Ол құжатта Қазақстан мен Ресей халықтарының көршілік әрі достық қарым-қатынасының жоғары деңгейі ғана емес, жаңа мыңжылдықтағы екі елдің табысты қарым-қатынасының сәтті әрі көпжоспарлы даму параметрлері мен жаңа қағидаттары белгіленген еді. Құжат осынысымен құнды. Осы құжатқа қол қоя отырып, Қазақстан мен Ресейлік көшбасшылары екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың дамуының жаңа кезеңдерін ашты», - дейді Қайрат Әбдірахманов.

Сыртқы істер министрінің айтуына қарағанда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тұрақты даму арқылы Тәуелсіздікті нығайту» атты («Казахстанская правда» газеті, 1995 жылдың 16 желтоқсаны) мақаласында: «Бәрі де түсінгенін қалаймын: Қазақстанның егемендігі мойындамауды емес, керісінше қазақстандық-ресейлік байланысты өмірдің барлық саласында дамыту әрі бекітуді көздейді. Экономикалық, саяси және әскери саладағы біздің өзара тәуелділіктің өзін жасыру ақымақтық болар еді. Тіпті онымен күресудің өзі де ретсіз. Біздің міндет - екі елдің ортақ мүдделерін келісімді-құқықтық базаға сәйкестендіріп, оны жүзеге асырудың тиімді механизмін құру болып табылады» делінген.

Міне, осы міндеттерді орындау мақсатында Декларация қабылданып, Тәуелсіздік алған жылдардан бері осы жолмен келе жатырмыз.

«Кеңес одағы құлаған кезеңде мемлекеттік басқару негізін құру, ұлтаралық тұрақтылықты сақтау, экономикалық дамудың мүлде жаңа стандарттарына ауысу секілді өзекті мәселелермен бірге, көршілес елдермен өзара тиімді қарым-қатынасты реттеу мәселесі де тұрғаны есімізде. Ішкі одақтық байланыстардың іргесі қалай сөгілгенін көзімізбен көрдік. Ұлттық республикалардағы онсыз да мәз емес жағдайларды бұл мәселе экономикалық дағдарыс пен ұлтаралық араздықты туындатумен бірге тіпті де ушықтырып жіберген болатын.

Қазақстан үшін Ресеймен байланыстарды үзу қолайсыз әрі логикаға қайшы болды. Себебі, Қазақстан мен Ресейдің берік әрі тату көршілік ынтымақтастығының негізі тарихи, мәдени, геосаяси әрі геоэкономикалық факторларда жатқан еді. Осы жайлар екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығарды», - дейді Қазақстанның Сыртқы істер министрі.

Ресей Қазақстанмен осынау стратегиялық маңызды құжатқа қол қойған бірінші мемлекет болатын.

Толығымен ынтымақтасудың қуатты импульсы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылы Ресейге жасаған ресми іссапары кезінде анық байқалды. Дәл сол сапар барысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салада, сонымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану шарттары турасында тараптар келісімге келген болатын.

Соңғы жаңалықтар