Қай жұлдызнама иелері қылмыс жасауға бейім - Қарағанды түрмелерінде ерекше зерттеу жүргізілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті колонияларда ерекше зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚАЖД қызметкерлері пенитенциарлық мекемелердің психологтарымен және мамандарымен бірлесіп, сотталғандардың төрт мыңға жуық жеке ісін талдады. Осылайша «балықтар» белгісімен туған адамдар қылмысқа бейім деген қорытындыға келді.

Қылмысқа жиі баратын сотталушылар арасында «бикеш» зодиак белгісінде туылғандар екінші орында, үшінші орында «тоқты», одан кейін «тауешкі», «егіздер», «арыстан», «торпақ», «шаян», «суқұйғыш», «сарышаян» және «таразы». Қарағанды колонияларындағы ең азы «мерген» болды.

АК-159/17 мекемесінің бастығы Болат Мұхтаровтың айтуынша, зерттеу барысында белгілі бір зодиак белгілері жазасын өтеп жатқан қылмыстар да зерттелген.

- Кісі өлтіргені үшін жазасын өтеушілер арасында «торпақ» пен «тоқтылар» көп. Зорлау қылмысы үшін сотталғандардың арасында көбіне «шаяндар» кездеседі, сондай-ақ осы санатқа «арыстандар» және «тауешкілер» кіреді. Соңғылары алаяқтық пен есірткі саудасымен байланысты қылмыстарда да байқалады. Ұрлық жасағандар арасында «тоқтылар», «арыстандар» және «торпақтар» көп. Сондай-ақ, «балықтар» мен «арыстандар» алаяқтыққа бейім, - дейді әділет полковнигі Болат Мұхтаров.

Сонымен қатар, тонау қылмысы үшін, негізінен, Қарағанды облысының колонияларында «тоқтылар» және «тауешкілер» отыр. Бұзақылық пен вандализм «тауешкі», «тоқты» және «балықтар» арасында жиі кездеседі.

«Арыстандар» мен «балықтар» заңсыз аң аулауды жөн көреді. «Суқұйғыш» белгісінің өкілдері арасында бопсалаушылар көп кездесетіні анықталды.


Соңғы жаңалықтар