Қай жағдайда Үкімет шекті бағаны белгілейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қай жағдайда Үкімет азық-түлікке шекті бағаны белгілейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ерекше жағдайларда мәжбүрлі түрде нарыққа араласудың әкімшілік тетігі бар, яғни шекті бағаны белгілеу ескерілген. Бұл қадамға пандемия басталғанда өткен жылы баруға мәжбүр болдық. Ол кезде дүрбелең толқынымен барша әлемде баға шарықтап кетті. Сондықтан тиісті іс-шаралар нәтижесін берді, біз ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ете алдық, тапшылық болмады», - деді онлайн режимде халық алдында есеп беруі кезінде Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, вакциналау арқасында Қазақстанда және әлем елдерінде экономикалық белсенділік біртіндеп қалпына келіп жатыр.

«Ендігі басты мақсат – нарықтың дұрыс бәсекелестік пен теңгерімді баға қалыптасу тұғырына қайта оралуы. Барша процестің ашықтығы заманауи сауда инфрақұрылымын құру арқылы қамтамасыз етіледі», - деді Сауда министр.


Соңғы жаңалықтар