Қай санаттағы азаматтар кәсіпкерлік грантты «Бастау-бизнесті» оқымай ала алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде кей санаттағы азаматтар 200 АЕК немесе 505 мың теңгелік кәсіпкерлік грантты «Бастау-бизнес» бағдарламасын оқымай ала алады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, біздің елімізде шағын несие әртүрлі жағдайда беріліп жатыр. Шағын несие 2019 жылы 17 мың адамға берілді, 83 млрд теңге қарастырылған. Бұл жерде 8 мың АЭК – 20 миллион теңгеге дейін несие беру мүмкіндігі бар. Ол несие 5-7 жылға 6 пайыздық ставкамен беріледі. Бұл тетікті біздің азаматтар тиімді пайдаланып жатыр», - деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуына қарағанда, осы жеңілдетілген несиенің арқасында елімізде қосымша 14 мың жұмыс орны ашылған.

«Осы шағын несие беру жүйесін жетілдіру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз көпбалалы және аз қамтылған жанұялардың жұмыссыз жүрген азаматтарына кейбір жеңілдіктерді қарастырып жатырмыз. Біріншіден, несие беру мерзімі міндетті түрде 7 жылға ұзартылады. Сонымен бірге, пайыздық ставканы 6-дан 4 пайызға дейін төмендетіп отырмыз. Грантқа қатысты: бізде гранттың былтыр екі түрі болды. Бірі 100 АЕК, екіншісі 200 АЕК көлемінде беріліп келді. Осы жылы грант сомасын 200 АЕК көлемінде қалдырып отырмыз. Бірақ, оны алу үшін міндетті түрде «Бастау-бизнес» бойынша оқып, сертификат алу керек болатын. Ол тәртіп қалады. Бірақ, көпбалалы және аз қамтылған жанұялардың жұмыссыз жүрген азаматтарына жеңілдік қарастырып жатырмыз. Оларға міндетті түрде «Бастау-бизнес» бағдарламасы бойынша оқу міндетті болмайды. Бұл жерде әлеуметтік келісім жасалады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар