+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қай өңірлердің инвестициялық белсенділігі жоғары

2021 жылғы 11 наурыз 09:45
Бөлісіңіз:
Қай өңірлердің инвестициялық белсенділігі жоғары

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 2 айында еліміздің көптеген өңірінде инвестициялық белсенділік байқалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Экономика салаларының көбінде негізгі капиталға инвестиция серпінді қарқынмен өсуде. Инвестицияның айтарлықтай өсуін ақпарат және байланыс – 2,1 есе, өңдеу өнеркәсібі – 85, көлік – 56, ауыл шаруашылығы – 40, сауда – 31, құрылыс – 25 және жылжымайтын мүлікпен операциялар - 18 пайыз деңгейінде көрсетті», - деді қаңтар-ақпандағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған министр.

Оның айтуынша, көптеген өңірлер жоғарғы инвестициялық белсенділік көрсетуде.

Ең жоғарғы көрсеткіш өнеркәсіп нысандарын салу мен өндіріс құрылғыларын алудың өсуі есебінен Шымкент қаласында, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту есебінен Жамбыл облысында, күн электр стансалары мен көпфункционалды туристік кешен салу есебінен Түркістан облысында байқалады.

«Инвестиция бойынша 4 өңір төмен көрсеткіш көрсетіп отыр. Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының азаюы салдарынан Батыс Қазақстан облысында, Теңіз кен орнын келешекте кеңейту жобасы мен ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының азаюы салдарынан Атырау облысында, өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталға инвестициялар көлімінің қысқаруы салдарынан Павлодар облысында және көпфункционалды қонақүй-туристік кешен құрылысының аяқталуы салдарынан Маңғыстау облысында төмендеу тіркелді»,- деді Әсет Ерғалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT