Қай өңірлер бюджет қаражатын нашар игерді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Премьер-Министрнің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет игеруде сылбырлық танытып отырған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,3 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 155 млрд теңге. Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 1,9 трлн теңге бөлінген. Оның 95,6%-і игерілген.

Атқарылмағаны – 85 млрд теңге, оның ішінде 7 млрд теңге – үнемделіп, 78 млрд теңге игерілмегені.

Бюджет қаражатын игере алмай көрсеткіші Алматы, Маңғыстау, Қарағанды және Түркістан облыстарында қалыптасты», - деді ол Үкімет отырысында.

Вице-Премьердің мәліметі бойынша, бюджетті игермеудің негізгі себептеріне жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақытылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шотты кеш ұсыну жағдайлары алғышарт болған.


Соңғы жаңалықтар