Қай өңірдің тұрғындары көп ұйықтайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті қай өңірдің тұрғындары көп ұйықтайтындығын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ведомство мәліметінше, өңірлер арасында ұйқыға орта есеппен бәрінен жоғары Жамбыл облысының тұрғындары 9 сағат 48 минут, ал төмен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 8 сағат 42 минут уақыт жұмсайды екен.

Сонымен қатар Қазақстандағы әйелдер ас әзірлеу, кір жуу, ыдыс жуу, жинастыру үй шаруасына орта есеппен күніне 4 сағат 48 минут шығындайды.

10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар оқуға орта есеппен күніне 4 сағат 36 минут шамасында уақыт кетіреді.

Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысында ерлерде ең көп бос уақыты 5 сағат 44 минут болса, Жамбыл облысындағы ерлерде ең аз бос уақыт 3 сағат 58 минутты құрайды.

Жалпы, Статистика комитетінің дерегінше, ауылды жерде тұратын халық (62,2%) қалалы жерде тұратын халыққа (53,2%) қарағанда өзінің өміріне көбірек қанағаттанады.

Соңғы жаңалықтар