+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қай өңірдің тұрғындары карантин талабын жиі бұзады

2021 жылғы 13 мамыр 12:02
Бөлісіңіз:
Қай өңірдің тұрғындары карантин талабын жиі бұзады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына жүргізілетін мониторинг жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жандарбек Бекшин карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды Алматыда карантин талаптары жеңілдейді Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметіне сенсек, 1 қаңтар мен 10 мамыр аралығында жұмысшы топ 80 352 рейд жүргізген.

Ел аумағында 500 646 нысан тексерумен қамтылды.

Нәтижесінде 14 475 (2,8%) заңбұзушылық анықталды.

Карантин талабын бұзу фактілерінің басым көпшілігі мына өңірлерде тіркелді: ШҚО (3 646), Түркістан (2 230), Алматы (2 036), Шымкент (1 609) және Алматы облысы (962).

​Мониторинг барысында анықталатын негізгі бұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс жасауы, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам жинай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу.

​Аталған мерзімде 268 материал сотқа жолданды. Сот шешімімен 70 нысанның жұмысы тоқтатылды.

8 271 кәсіпкерлік нысан мен 6 425 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,155 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT