Қай өңірдің полицейлері жемқорлыққа бейім – Агенттік есебі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ішкі істер органдарындағы жемқорлық қылмыстар мониторингінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер органдары жүйесіндегі тергеушілер, учаскелік инспекторлар, жол-патурльдік қызмет инспекторлары қылмыстар мен бұзушылықтардың бетін жабу үшін пара алып отырған. Түзету жүйесінің қызметкерлері көбінесе сотталғандарды «жеңілдетілген» жағдаймен қамтамасыз ету үшін (телефон қолдану, жұмысқа орналастыру, тыйым салынған заттарды тасымалдау), пробация бақылауындағы адамдардың облыс аумағынан тыс жерлерге шығуын жылдамдату сыйақы алған», - деді Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Оның айтуынша, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің қызметкерлері де жемқорлықтан шет қалмаған. Олар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін, сондай-ақ жұмысқа қабылдау кезінде жалпы қамқорлық көрсеткені үшін заңсыз қаражатқа ие болған.

Сонымен бірге, спикер полициядағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының республиканың барлық өңірлеріне тән екенін, бірақ соңғы бір жылда сотталғандардың ең көп саны Нұр-Сұлтан (42 қызметкер), Алматы (26), Шымкент (23) және Жамбыл облысының (19) қалаларындағы полиция департаменттерде болғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар