Қай өңірде коронавирустан емделіп жатқандар көп

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 сәуірдегі мәліметке сәйкес елімізде 30 мыңнан астам инфекциялық төсек орын әзірленді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің атап өтуінше, аталған төсек-орындардың 41 пайызында науқастар жатыр. Мұнан бөлек 32 064 төсек-орынға шақталған резервтік қор да бар.

«Инфекциялық төсек-орындардың прогрессивті жоғары бос еместігі Алматы облысында, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады. Бұған қоса, Нұр-Сұлтан мен Алматыда қосымша резервтік төсек-орын саны әр қалада шамамен 1 200-ді құрайды. Айта кетерлігі, еліміз бойынша бос емес төсек-орындар көрсеткіштінің төмендігіне қарамастан бүгін ауруханаға жатқызылған науқастар саны 2,6 есеге артып, 4 713-тен 12 349 адамға жетті», - деді Алексей Цой.

Оның дерегінше, инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орындар саны 2 752-ні құрайды, олардың 27 пайызы бос емес.

«Бос емес реанимациялық төсек-орындардың көрсеткіші Нұр-Сұлтанда 66 пайыз, Алматыда 50 пайызды құрап отыр. Реанимация бөлімшесіндегі пациентер саны 2,4 есеге артты», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар