Қай өңірде бала туу және өлім-жітім көрсеткіші жоғары

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халық саны 19 832 737 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 259 453, ауыл тұрғындары – 7 573 284 адам, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы бірінші тоқсанда елімізде 93,5 мың бала дүниеге келді (2021 жылы -100,4 мың, 2022 жылы – 95,6 мың), оның ішінде 48,4 мыңы – ұлдар, 45,1 мыңы – қыздар.

Бірінші тоқсанда 32,6 мың адам қайтыс болды (2021 жылы – 36,1 мың, 2022 жылы – 38,1 мың).

Нәтижесінде халықтың табиғи өсімі 2023 жылдың үш айында 60,9 мың адамды құрады.

Бір жасқа дейінгі 728 нәресте шетінеген.


Туудың ең жоғары көрсеткіші тіркелген өңірлер:

- Маңғыстау облысы (1000 тұрғынға шаққанда 26,31 адам);

- Түркістан облысы (25,59 адам);

- Шымкент қаласы – (24,37 адам).


Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі тіркелген өңірлер:

- Солтүстік Қазақстан облысы (1000 тұрғынға шаққанда 11,53);

- Шығыс Қазақстан облысы (11,12 адам);

- Қостанай облысы (10,81 адам).


Соңғы жаңалықтар