Қай өңірде апельсин қымбат – ұлттық статистика мәліметі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық статистика бюросы өткен айда ел өңірлерінде апельсин, банан және лимон бағасы қаншаға қымбаттағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жылдың желтоқсанында апельсин бағасы жылдық мәнде 30,8% қымбаттап, бір келісі үшін 1004 теңгені құрады. Ең қымбат апельсин Астанада сатылып жатыр – бір келісі 1 140 теңге. Сондай-ақ бұл жеміс өзге өңірлермен салыстырғанда Семей (1 139 тг/кг), Ақтау (1 133 тг/кг) және Қонаев (1 117 тг/кг) қалаларында қымбатырақ. Басқа аймақтарда баға 850-1000 теңге аралығында. Ең арзан апельсинді Петропавл қаласында 811 теңгеге сатып алуға болады.

Цитрустың тағы бір түрі лимон бір жылда 7,4% қымбаттады. Оның орташа бағасы бір келісі үшін – 1 173 теңге. Ең қымбат баға Атырау облысында – келісі үшін 1448 теңге, ең арзаны Түркістан облысында – келісі үшін 953 теңге.

Ал банан бағасы өткен жылы 46,2% өскен. Елдегі орташа баға – бір келісіне 878 теңге. Бананның ең қымбаты Семей қаласының дүкен сөрелерінде – 1043 тг/кг. Ең арзаны Павлодарда – 720 теңге.

Фото: belta.by


Соңғы жаңалықтар