Қай министрліктер мен әкімдіктер бюджет қаражатын уақтылы игере алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 97,5, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,4, жергілікті бюджеттердің шығыстары 95,8 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша шығыстар 13 трлн теңгені құрады. Атқарылмау - 81 млрд теңге, оның ішінде 15 млрд теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 66 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Мәдениет және спорт, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы және Ішкi iстер министрліктерінде қалыптасты», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін ақы төлеу, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттілігі - бюджет қаражаты игерілмеуінің негізгі себептері болып отыр.

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 8 трлн теңгені құрады. 327 млрд теңгеге атқарылмаған. Осы жылы өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. 1 қарашаға оларға 2 трлн 157 млрд теңге бөлінген. Оның 94,2 пайызы игерілді. Атқарылмағаны – 124 млрд теңге, оның ішінде үнемделгені – 21 млрд теңге. Игерілмеген ең үлкен сома Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында қалыптасты», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар