Қай министрліктер бюджетті уақтылы игере алмай отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық бюджеттің игерілмеуінің негізгі себептері – конкурстық рәсімдеудің ұзақ өткізілуі және уақытылы өткізілмеуі, төлемдердің нақты көрсетілген қызмет көлемі орындалған жұмыс үшін жүргізілуі, шарттарды ұзақ келісу және тағы басқа себептер. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 99,1%, Республикалық бюджеттің шығыстары - 99,6%, жергілікті бюджеттің шығыстары 98,7% атқарылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджеттердің барлық деңгейінде атқарылу көрсеткіші жоғары», - дейді Ерлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, республикалық бюджет бойынша сомасы 4,8 трлн теңге шығыс жүргізілді. Атқарылмағаны – 20 млрд теңге.

Оның ішінде 7 млрд теңге үнемделсе, 13 млрд теңге игерілмеген.

«Игерілмеген неғұрлым ірі сомалар Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігінде болған. Оның негізгі себептері – конкурстық рәсімдеудің ұзақ өткізілуі және уақытылы өткізілмеуі, төлемдердің нақты көрсетілген қызмет көлемі орындалған жұмыс үшін жүргізілуі, шарттарды ұзақ келісу және тағы басқа себептер», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар