Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.71 eur/kzt 467.03

    rub/kzt 8.36 cny/kzt 67.1
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Қай қалаларда ескі автобустар көп екені бегілі болды

2022 жылғы 10 тамыз 20:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Алтай Сембекұлы өңірлерде автобус парктерін жаңарту мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде қалалардағы автобус тасымалында 10 525 көлік бар. Олардың тозу деңгейі 46 пайызға жетті. Қаладағы автобус паркін жаңарту мәселесі тасымалдаушылар шығындарын субсидиялаумен тығыз байланысты. Сондықтан тиісті деңгейде субсидиялау сомасына қарай тасымалдаушылар өздерінің парктерін жаңарту мүмкіндігіне ие болады», - деді А. Сембекұлы министрлікте өткен кеңесте.

Оның айтуынша, ескірген автобустардың 50 пайыздан астамы Ақтау, Өскемен, Талдықорған, Петропавл, Орал және Қостанай қалаларында жолаушы тасымалдап жүр.

«Сонымен қатар, жеңілдікпен лизинг бойынша қаржыландыру бағдарламасы аясында отындық өндірістің автобустарын жеткізу үшін 2018-2021 жылдары республикалық бюджеттен 79 млрд теңгеге жуық бөлінді. Осы бағытта 2 283 автобус қамтамасыз етілді», - деді ведомство өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алтай Сембекұлы қалаларда жолаушылар тасымалы саласында әлеуметтік маңыздағы бағдарларды субсидиялау проблемаларын айтты.

Соңғы 4 жылда субсидиялау сомасы бес есе өсіп, 102 млрд теңгені құрады. Дегенмен бұл қаражаттың 80 пайызға жуығы тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына ғана тиесілі болды.


Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото

Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары