Қай елден келген жолаушылардан ПТР тест талап етіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова елдердің санаты және әуе рейстерімен келетін жолаушыларға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әуе рейстері бойынша өзгерістер енгізілді. Енді бірінші санатқа 12 ел енгізілді. Олардың қатарында ҚХР, Таиланд, Моңғолия, Малайзия, Мысыр, Гонконг, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Германия, Беларусь, Әзербайжан бар. Осы елдерден келген жолаушылар термометрия мен сауалнамадан өтеді», - деді Р. Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Екінші санатқа 21 ел енгізілді. Осы елдерден сапарлап келгендер термометрия мен анкеталаудан бөлек, ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама ұсынуы керек.


Соңғы жаңалықтар