Қай аймақтар тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынын баяулатып алды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй беру қарқынын баяулатқан өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың 5 айындағы қорытынды бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 103,4% және тұрғын үй құрылысына инвестиция 122,8% орындалды. 38 мың тұрғын үй пайдалануға енгізілді», - деген ведомство басшысы жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін өңірлерге тиісті жоспар жолданғанын айтты.

«Ол жоспардың орындалуын қамтамасыз ету үшін әкімдіктер нақты нысандар мен оларды іске асыру мерзімі көрсетілген жол картасын бекітті. Сонымен бірге 5 айдың қорытындысы бойынша еліміздің 3 өңірінде өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішінің төмендегені байқалады. Бұл – Маңғыстау (84,4%), Павлодар (90,7%) және Солтүстік Қазақстан (94%) облыстары. Аталған облыстарда әкімдіктерге тұрғын үй нысандарындағы құрылыс жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтемін», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Айта кетейік, Үкімет отырысында Премьер-Министр арендалық тұрғын үйді сатып алудағы заңнама қайшылығын шешуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар