Кавказдың ең биік шыңдарының бірі Шыңғыс Айтматов есімімен аталды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Шыңғыс Айтматовтың есімімен аталған Кавказдың ең биік шыңдарының бірінде Қырғыз жалауы желбіреуде. Facebook-тегі парақшасында  мемлекеттік қайраткер Султан Раев осындай қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Кабар.

Оның айтуынша, альпинистер кеше, 16 қарашада қызыл жалау  және «Айтматов шыңы»деп жазылған тақтайша орнатқан.

«Одан бірер күн бұрын, 13 қарашада біз альпинистерімізді  ақ тілегімізді айтып, жолға шығарып салдық. Олар бұл шыңды бағындыра алды. Бұл бастама  президент Сооронбай Жээнбеков тарапынан қолдауға ие болды»,- деп толықтырды Раев.

Соңғы жаңалықтар