Кавказ бен Орталық Азия елдерінің басым бөлігінде инфляция шырқау шегіне жетті - ХВҚ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кавказ бен Орталық Азия елдерінің басым бөлігінде инфляция шарықтау шегіне жетті. Бұл жайында Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Субир Лалл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың ішінде инфляция артты. Және біздің пайымымызша, елдердің басым бөлігінде шарықтау шегіне жетіп, олардың кейбірінде төмендей бастады. 2022 жылы Кавказ бен Орталық Азия елдердің басым бөлігінде жалпы инфляция екі мәнді цифрға жетті», - деді Халықаралық валюта қорының «Өңірлік экономика келешегі: Таяу Шығыс және Орталық Азия» баяндамасын таныстырған Субир Лалл.

Дегенмен, оның айтуынша, 2023 жылы энергия тасымалдаушылардың артуы инфляцияның төмендеуіне алып келді.

Бұған дейін ХВҚ өкілі өткен жылы Кавказ бен Орталық Азия өңіріндегі елдердің экономикасы өсімдегі өте үлкен айырмашылықпен 4,8 пайызға артқанын айтқан еді. Мәселен. Арменияда өсім шамамен 12,6 пайызды құраса, ал Түрікменстанда шамамен 2 пайыз ғана болған.


Соңғы жаңалықтар