+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Кавасаки синдромы: Қазақстандық маман балаларды қорғау жолдарын айтты

2020 жылғы 28 қыркүйек 16:19
Бөлісіңіз:
Кавасаки синдромы: Қазақстандық маман балаларды қорғау жолдарын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Риза Боранбаева балаларда тіркеліп жатқан кавасакиге ұқсас синдром жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Осы жылдың наурыз айынан бері елде 2,5 мың бала коронавирус жұқтырып алды. Қазіргі уақытта балалардың коронавируспен ауыру жағдайы тұрақты. Балаларда коронавирус инфекциясынан кейін туындайтын мультижүйелі қабыну синдромы немесе кавасакиге ұқсас синдром бойынша да жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта бұл синдроммен тіркелген балалардың саны – 39. Олардың 60 пайызы емделіп, ауруханадан жазылып шықты. 40 пайызы ем алуда», - деп келтірілген Риза Боранбаеваның сөздері coronavirus2020.kz-Telegram-ында.

Орталық басшысының айтуынша, кавасакиге ұқсас синдром анықталған барлық бала COVID-19-бен ауырғаны тіркелуде. Оның клиникалық белгілері – дене қызуының 38 градусқа дейін көтеріледі. Температура 24 сағатқа дейін сақталып, парацетамол, ибупрофен секілді ыстық түсіретін дәрілердің әсері болмайды. Сонымен бірге денеде бөртпе, іштің ауруы, диарея секілді белгілер пайда болып, тыныс алу жолдары зақымдалады, жөтел, тыныс жеткіліксіздігі, ентігу, жүрек тұсының ауыруы, конъюктивит пен алақанның домбығып ісінуі байқалады.

«Ауруды үйде емдеудің қажеті жоқ. Себебі ол өте ауыр өтеді. Тіпті кейде интенсивті реанимациялық көмек те қажет болуы мүмкін. Сондықтан осындай ауру белгілері пайда болса бірден учаскелік дәрігерді шақыру керек», - дейді маман.

Басқа аурудан қарағанда кавасаки барлық жастағы балаға қауіп тудыруы мүмкін. Тіпті 21 жасқа дейінгі жастардан да анықталып жатады.

Бұл аурудың алдын алу үшін Риза Боранбаева мынадай кеңес береді:

- эпидемияға қарсы барлық шаралар – маска режимі мен арақашықтық режимін қатаң сақтау;

- адамдар көп шоғырланатын жерлерге, балалар алаңдарына, сауда орталықтарына бармау;

- балаларға қолымен бет-жүзін ұстатпай, қолын жууға үйрету;

- үйде ойыншықтарды тазалау;

- жедел вирусты инфекциясының белгілері бар адамдарға жақындамау;

- дұрыс тамақтанып, денеге қатты қысым түсірмеу.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT