Қауымдастықтарды Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына тіркеуден өткізу мерзімі 3 тамызға дейін созылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы қауымдастықтарды аккредитациялау мерзімінің 3 тамызға дейін ұзартылғандығын хабарлады.

Себебі, тіркеуден өту мерзімі белгіленген бір ай ішінде тек он қауымдастықтан ғана өтініш түскен. Алайда, Алматы қаласында мұндай ұйымдардың саны үш жүзден асады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» туралы заңына сәйкес, заңды тұлғалар бірлестігі және (немесе) қауымдастық (одақ) ретінде құрылған жеке кәсіпкерлердің бірлестіктері Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының тіркеуінен өтуге құқылы.

Құқықтық істер жөніндегі Палата директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, бұл жәй, формальды әрекет емес. Кәсіпкерлер палатасына тіркелген барлық Қауымдастық қаламыздағы бизнес-ахуалды жақсарту үдерісіне белсенді араласатын болады.

«Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасына аккредитациядан өткен кез келген өңірлік, салалық немесе кәсіби қауымдастықтар Палатаның жұмыстарына араласу құқығына ие болады. Мұндай жұмыстардың қатарына нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жасау, Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Өңірлік кеңес пен кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің жұмыстарына белсенді қатысу жатады. Аккредитация сонымен қатар, Палата жұмысын жақсартуға арналған ұсыныстарды емін-еркін жөнелтуге, Палатаның кәсіби сарапшыларының көмегіне жүгінуге, бір сөзбен айтқанда, Алматы қаласының іскерлік, инвестициялық және құқықтық ахуалына толық араласуға мүмкіндік береді»,- деді Айтуар Қошмамбетов.

Соңғы жаңалықтар