Қауіпті патогендерді заңсыз қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылық күшейтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қадамдар бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.

Айта кетейік, бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» негізгі заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Заң жобасын әзірлеу салалық заңнаманы «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасының ережелеріне сәйкес келтіру, Қазақстанда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру мақсатында реттеушілік тетіктерді жетілдіру және талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу қажеттілігіне негізделген», - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ілеспе заң жобасы үкіметтік нұсқада 3 кодексті және 10 заңды қоса алғанда, 13 заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді көздейді. Оның ішінде:

- аса қауіпті биоагенттермен жұмыс істейтін ұйымдарды алдағы тексеру туралы алдын ала хабарлауды алып тастай отырып, биотәуекелдерді есепке алу, мониторингтеу және бағалау деректері негізінде нақты мемлекеттік бақылауды енгізуді;

- қауіпті патогендерді заңсыз қолданғаны, өткізгені және ұрлағаны үшін, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, олармен жұмыс істеу талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізуді;

- денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция және дератизация жөніндегі қызметтерді лицензиялауды енгізуді;

- жұмыс жүргізілетін патогендерді көрсете отырып, әрбір объектіге рұқсат беру бөлігінде рұқсат беру жүйесін нақтылау, сондай-ақ сол рұқсаттардан айыру (кері қайтарып алу) үшін негіздерді белгілеуді;

- биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қорғаныс министрлігінің өкілеттіктерін толыққанды іске асыру үшін тиісті реттеуді белгілеуді;

- биологиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге және жинауға тыйым салу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында уәкілетті органды террористік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың бірыңғай жүйесіне енгізуді;

- патогендігі І топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін ықтимал қауіпті объектілерді стратегиялық объектілерге жатқызуды көздейді.

«Заң жобасы қолданысқа енгізу үшін алты айлық өтпелі кезеңді, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсетуге лицензияны ресімдеу үшін қосымша 6 айды көздейді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар