+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қауіпсіздік талаптарын сақтап, тәртіпке бағынсақ, індетті жеңеміз – Рамазан Стамғазиев

2020 жылғы 3 шілде 12:10
Бөлісіңіз:
Қауіпсіздік талаптарын сақтап, тәртіпке бағынсақ, індетті жеңеміз – Рамазан Стамғазиев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев халықты қауіпсіздік шараларын сақтап, тәртіпке бағынуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазиевтің айтуынша, дерт дендеп барады, сондықтан қазір барлық шаруаны ысырып қойып, денсаулыққа ден қою керек.

«Қазір коронавирус індеті өрши түсті. Оны күнделікті ақпарат құралдары жазып та, айтып та жатыр. Өкінішке қарай, соңғы он күнде қайтыс болғандардың саны артты. Көз көрген, еліне танымал адамдар өмірден озып жатыр. Бұрын сенбеген халықтың ой-пікірі тұтастай өзгерді. Сондықтан қазір сақтық керек, өз басыңды ғана емес, айналаңдағы таныстарыңды, туыстарыңды, балаларыңды, немерелеріңді осы дерттен қорғайтын кез жетті. Қазір балалар жазғы демалысқа шықты, осыны пайдалынып, адамдарды тағы да бір жүйеге келтіру керек шығар»,– дейді Рамазан Стамғазиев.

Сонымен қатар, ол өзінің де ауырғанын айтты.

«Қазір қорқатын жағдайға жеттік. Өйткені, коронавируспен ауырған адамдармен байланыста болғандардың аяғынан тік тұрып жүргендері кемде-кем. Бәріміз тұмаудың орта және жеңіл түрімен ауырып тұрдық. Басымыз ауырып, сүйегіміз қақсап, көзіміз тартып, жүрегіміз айныды. Мына дәріханалардың алдындағы кезекті көрген кезде адам шынымен де қорқады екен»,– дейді әнші.

Рамазан Стамғазиев халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

«Күні кеше ғана мемлекеттік комиссия ұсынған карантинді сақтауға тиіспіз. Барлықтарыңыз үйде отырыңыздар, жақындарыңызды қорғаңыздар, тәртіпке бағынайық. Бауыржан Момышұлының айтқаны бар - «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды». Бұл күн де көрген түстей артта қалар, аман болайық»,– деп қорытындылады Рамазан Стамғазиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT