Қауіпсіздік шараларын елемейді – құтқарушылар өзен-көлде рейд өткізуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары биыл өзен-көл жағалауларында 1800-ден астам рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен полицейлер су айдындарында рейд өткізіп жатыр. Әсіресе шомылуға рұқсат етілмеген орындар басты назарға алынған. Жалпы осы уақытқа дейін олар 1800-ден астам рет өзен-көл жағасын патрульдеді.


«Шомылу кезеңі басталғанға дейін тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда азаматтардың көбісі қауіпсіздік шараларын елемейді және су қоймаларының жанында алкогольді ішімдік ішеді. Тіпті кейбірі тыйым салу белгілерін көрсе де балаларын осында әкеледі. Шомылу кезеңі басталғалы бері өңірде 2 адам суға кетті», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Рейдтердің нәтижелері бойынша жағажайда мас боп жүрген екі азамат ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.



Соңғы жаңалықтар