Қауіпсіздік мәселесі таза еуропалық немесе таза азиялық бола алмайды - Қ. Тоқаев

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қауіпісіздік мәселесі таза еуропалық немесе таза азиялық бола алмайды. Бүгін елордада өтіп жатқан Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясында сөз сөйлеген ҚР  Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Президенті Н. Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы саясат контурын  айқындағанда, «Құрлықтың жүрегінде орналасқан мемлекет Еуропа мен Азия арасындағы көпірге айналуы тиіс»,  деп атап өткен болатын. Жаһанданудың жаңа жағдайындағы қазіргі әлемде еуразиялық құрлықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің формуласын бірлесе іздеу өте өзекті болып табылады. Әрине, бұл жерде қауіпсіздік мәселесі таза еуропалық немесе таза азиялық бола алмайды. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанның бастамасымен және еліміздің қатысуымен құрылған сыртқы саяси «тұтқалар» маңызды рөл ойнайтын болады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мінберінде жасаған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес туралы бастамасы халықаралық қатынастағы нақты факторға айналып отыр. Бұл бастама ұзақ жолдан, Азиялық құрлықта бейбітшілік пен сенім орнату идеясынан бастап ұжымдық дипломатия тетіктерін жүзеге асыруға дейінгі жолдан өтті», деді Қ. Тоқаев.

Сенат Төрағасының айтуынша,  АӨІСШК-нің қазіргі төрағасы ретінде Қазақстан қазіргі қауіптерге қарсы тек өңірлік күштерді біріктіру арқылы әрекет ете алатынына сенімді болып отыр. «Боасс форумында АӨІСШК-нің «азиялық жиырмалық» құру үшін қолайлы алаң бола алатынын Елбасы анық аңғарған», деді Қ. Тоқаев. 

Соңғы жаңалықтар